Мүгедек қызын 30 жыл бағып отырған ана Сапарбаевтан көмек сұрады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының тұрғыны Сәнімгүл Нысаналина жүйке жүйесі ауруына шалдыққан қызын 30 жылдан астам уақыт жалғыз бағып келеді. Бүгін өткен халықпен кездесуде ол облыс әкімінен көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.