Дейл Карнегиден 10 кеңес: Мазасыздықтан арылып, жаңа өмірді қалай бастауға болады?
Бүгін біз сіздермен Дейл Карнегидің " Мазасыздықтан арылып, жаңа өмірді қалай бастауға болады?» атты кітабы жайлы әңгіме қозғамақпыз. Нақтырақ айтсақ, біз кітап жайлы емес, кітаптың ішіндегі өмірін жақсарту үшін кез келген адам істей алатын кеңестер жайлы сөз қозғаймыз. Тұлғалық психология саласынан көптеген зерттеулер жүргізіп, бұл жұмысқа ғұмырының көп жылдарын арнаған Дейл Карнеги, ақыр соңында адамдар бұлжытпай орындаса, өмірінде қандай жағдай болмасын уайымдауды қоя алатын ерекше принциптерді тұжырымдады.