Қызылордадағы саяжай тұрғындарына сақтық шаралары туралы ескертілді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Сырдария өзенінің Қызылорда қаласы тұсындағы бөлігінде су деңгейінің көтерілу кезеңі жақындап келеді. Осыған орай төтенше жағдайлар саласының мамандары дария жағалауында қоныс тепкен тұрғындарға үгіт-насихат шараларын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.