Маңғыстаудың экпорттық әлеуеті артып келеді
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Мал басы саны 30%-ға өсіп, 500 мыңға жеткен. Егін шаруашылығында 2 700 млн. теңгеге көкөніс және бақша дақылдары, мал шаруашылығында 10 800 млн. теңгеге ет және ет өнімдері өндірілген. Облыстық ауал шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл осылай деп мәлімдеді.