Қазақстанда сәрсенбі күні ауа райы құбылмалы болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронтлаьды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде қар, жаңбыр жаууы мүмкін. Елдің бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейіп, боран соғады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.