Алматыда аяғынан айырылған велосипедші қыздың ісіне қатысты сараптама тағайындалды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының тәртіп сақшылары қоқыс тасушы көліктің велосипедші қызды қағып кетуіне қатысты іс қозғады. Осы оқиғаның салдарынан қыз бала аяғынан айырылған болатын, осыған байланысты тиісті сараптама тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.