Алматыдағы сауда ойын-сауық орталығынан 60 адам эвакуацияланды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өрт тұтануына байланысты Domillion сауда ойын-сауық орталығынан 60 адамды эвакуациялады. Бұл туралы қаланың Төтенше жағдайлар департаментінен белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.