Бейбіт күннің батыры: 20 жастағы сарбаз қарулы топты қалай құрықтады
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 1996 жылы Алматы облысы Заречный кентіндегі қатаң режімдегі түрмеде сотталғандар қарауыл күзетінде тұрған 20 жастағы сарбазға қарсылық көрсетіп, қашып кетпек болады. Алайда, жас сарбаз қауіпті топқа бір өзі төтеп беріп, қылмыскерлерді құрықтайды. Қостанайлық Дархан Әбәйділдәнің ерлігі күні бүгінге дейін көпке үлгі.