Ыстанбұлда Қазақстан мен Түркияның жаңа инвестициялық жобалары талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстанбұлда 7-12 мамыр күндері инвестиция апталығы аясында Түркиядағы ҚР Елшілігінің және «Kazakh Invest» ҰК қолдауымен өнеркәсіп, құрылыс, медицина және тоқыма өндірісі салаларында ынтымақтастық орнату жөнінде Түркияның ірі компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Кездесулер екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.