Өмірзақ Шөкеев ОҚО-да ауыл шаруашылығы жерлері мәселелеріне арналған жиын өткізді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде ҚР Үкімет басшысының орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен алқалы жиын өтті. Мәжілісте өңірдегі ауыл шаруашылығы жерлерін суару және шегіртке зиянкестерінен қорғау мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.