Храпуновтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды
АСТАНА. ҚазАқпарат -Алматы және Шығыс Қазқстан облысының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның зайыбы Лейла Храпунова бірлесіп құрып, басқарған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқталды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлттық бюросы іс-материалдарымен танысу басталғанын жариялады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.