БАӘ сұңқарлар популяциясын сақтауда Қазақстанға қолдау көрсетіп отыр
АБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің сұңқарлар популяциясын сақтауда бірлесе атқарған жұмысы өз жемісін беріп отыр. Жуықта қазақ даласына алпыс сегіз жабайы сұңқар жіберілді. Бұл туралы WAM агенттігі жазады.