Елордадағы Желтоқсан көшесінде 10 күн көлік қозғалысы шектеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Желтоқсан көшесінің С. Сейфуллин көшесінен бастап Московский көшесіне дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр.