Елбасы Қазақстанның мемлекеттік қарызы көп дейтіндерге жауап берді
ЦИНДАО. ҚазАқпарат - Қазақстанның мемлекеттік қарызы әлем бойынша ең төмен. Бұл туралы бүгін Қытайға мемлекеттік сапарын қорытындылап, қазақстандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.