Талдықорғандық балаларға 500-ден аса доп тегін таратылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандық блогер Қайрат Абдрахманның «Балаларға доп сыйла» атты бастамын жұртшылық қолдап, белсенділік танытуда. Әлеуметтік желі арқылы жарияланған акцияға алғашқылардың бірі болып шаһардың кәсіпкерлері мен басшылығы қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.