Синоптиктердің 11 шілде күнгі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 11 шілде күні еліміздің жекелеген өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстікте түнде және таңертең дауыл тұрады. Республиканың тек батысында, оңтүстігінде, және шығыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның кей аймақтарында жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.