Кабулдағы жарылыстан 16 адам қаза болып, 60-ы жарақаттанды
КАБУЛ. ҚазАқпарат - Ауғанстан астанасы Кабул әуежайына жақын жерде болған жойқын жарылыстың салдарынан кем дегенде 16 адам қаза тауып, тағы 60-ы жарақаттанды. Бұл туралы ТАСС агенттігі жергілікті TOLOnews сайтына сілтеме жасап хабарлауда.