Үндістанның солтүстігінде нөсер жауынның салдарынан 58 адам құрбан болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы үш тәулікте толассыз жауған нөсер жауынның салдарынан Үндістанның Уттар-Прадеш штатында құрбан болғандар саны 58-ге жетті. Тағы 53 адам жарақат алған, деп хабарлайды Press Trust of India агенттігі жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасай отырып.