Чемпиондар лигасы: «Астана» үшінші іріктеу кезеңіне шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» бүгін Данияда «Мидтьюлланд» командасымен футболдан Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңі қарымта ойынын өткізіп, 0:0 есебімен тең түсті. Қос ойынның қорытындысымен «Астана» жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.