Лондонда қазақстандық суретшілердің көрмесі ашылды
ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Лондонда ҚР Ұлттық музейінің «Фокус Қазақстан» ауқымды жобасының бірінші көрмесі ашылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған көрме алдағы 16 қазанға дейін жалғасады. Бұл туралы primeminister.kz сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.