Данэлия Төлешова «Балалар Евровидениесінде» Қазақстан намысын қорғайтын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде «Балалар Евровидениесі» байқауына республикалық іріктеу финалы аяқталды. Қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру нәтижесінде «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауында Қазақстан намысын Данэлия Төлешова қорғайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.