Түркістан облысында 500 мың тоннаға жуық көкөніс шетелге экспортталған
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы егістік жердің көлемі 807,4 мың гектарға жеткен. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.