Қызыл жалау. 1935 жыл
Мырзалық үйіне кейіп қайтты. Кейіп келе жатқан Мырзалықты есік алдына иірілген қар суы одан жаман кейітті: қанасынан асқан су табалдырықты аттап өтіп, лапастың ішін көлкітіпті. Суды кешіп өтіп, үйіне кіре берем дегенде, есік алдының батпағына тайып, Мырзалық құлай жаздады.