Елімізде соңғы бес жылда еңбек дауы 5 есеге азайған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда еңбек дауы соңғы 5 жыл ішінде 5 есеге азайған. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек заңнамасын бақылау басқармасының басшысы Бағлан Жалпошов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.