Елбасы: Ұрпақ үшін ғаламшарды сақтау жолында күш-жігерді біріктіру - маңызды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Астана клубының төртінші отырысында сөйлеген сөзінде жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік беретін шешімдер қалыптастыру және іздестіру үдерісінде Астана клубының мәні мен өзектілігінің зор екенін айтты. Қазақстан Президенті халықаралық қатынастардағы жаңа ахуалдың басты сипаттары мен түйткілді тұстарына тоқталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.