Тұман, көктайғақ, жел - 19 қарашадағы ауа райы
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 қарашада ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың солтүстігі мен орталығында ауа ағынының өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, екпінді жел мен бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.