ҚР Президенті шетелдік елшілерге еліміздегі мемлекеттік бағдарламалар туралы айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік жылдары елімізге шетелден тартылған тікелей инвестицияның жалпы көлемі 300 млрд доллардан асты. Бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездеу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.