Астанада жыл соңына дейін 7 өндірістік кәсіпорын ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың соңына дейін Астанада 8,7 млрд теңге сомасына жеті жаңа өндірістік кәсіпорын ашылады деп жоспарланған. Бұл туралы қалалық қоғамдық тыңдаулар барысында елорданың 2019-2021 жылдарға арналған бюджетін қарастыру кезінде елорданың Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Расул Оразғұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.