«Қорқыт ата» мұрасы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралары тізіміне енді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маврикий Республикасының астанасы Порт-Луисте өтіп жатқан ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі үкіметаралық комитетінің отырысында 9 жаңа элемент тізімге қосылды. Олардың ішіне «Қорқыт ата» мұралары да енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның ресми сайтына сілтемемен.