World News in Kazakh

Ерлан Баттақов Қазақстан Президентінің Іс басқарушысы қызметіне тағайындалды

Ерлан Баттақов Қазақстан Президентінің Іс басқарушысы қызметіне тағайындалды. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы міндеттерін уақытша атқарудан босатылсын", - делінген құжатта. 

Ерлан Баттақов 1969 жылы 9 қаңтарда Қарағандыда туған. 

2017 жылы сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын. 

Читайте на сайте