World News in Kazakh
Февраль
2016

Новости за 21.02.2016

Казинформ 

Дегенде атым Майра...

АСТАНА. Қазақпарат - Әсем әнді жанына серік етіп, өмірінің мәніне айналдырған Керекулік әнші-композиторымыз  Майра Уәлиқызы жайлы айтылар ой мен шертілер сыр  аз  емес.

Казинформ 

БҚО: Жаңақалада «Құлпытастар сөйлейді» атты жаңа кітаптың таныстырылымы болды (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жаңақала ауданы орталығындағы рухани орталықта аудандық мешіттің бас имамы Мұратбек қажы Жахатовтың республикалық «Арыс» баспасынан жарық көрген «Құлпытастар сөйлейді» атты жаңа кітабының таныстырылымы болды.

Казинформ 

Абылай хан батасын алмай жорыққа аттанбайтын Жалаңаш баба туралы не білеміз?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаугершілік заманда қазақта небір жүрек жұтқан мықты батырлар болған. Олардың көзсіз ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып таралып, әлі күнге айтылып келеді. Осы баһадүрлердің сансыз жеңістерінің сыры әуелі сарбаздар мен қолбасшылардың соғыс тәсілін дұрыс таңдауында, ерлікпен шайқасуында болса, екінші жағынан ұрыс өтетін жерді, ұрыстың басталу уақытын көрегендікпен дәл болжай білген әулиелердің ақыл-кеңесінде жатыр. Қазақ хандығы дәуірінде, хан Абылайдың тұсында өмір сүрген осындай... Читать дальше...

Казинформ 

Қазақстандық армияның ән-би ансамблі ресейлік әскерилерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат -   Мемлекеттік Кремль сарайында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті, онда ресейлік, шетел әртістері қатысты, деп хабарланады РФ қорғаныс министрлігінің сайтында.

Казинформ 

ОҚО палуаны Бангкокта әлем чемпионатының күміс медалін иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Таиланд астанасы - Бангкокта өтіп жатқан грек-рим күресі бойынша Азия біріншілігінде оңтүстікқазақстандық А. Жаңбыров күміс медаль еншіледі, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Алексей Ни: Риода өтетін Олимпиада Қазақстанның ауыр атлетика тарихындағы ең сәттісі болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Ауыр атлетика бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни республикалық   Sports.kz  интернет порталы тілшісіне берген сұхбатында ауыр атлетика құрамасының Олимпиадаға дайындығы, олимпиада алдындағы жарыстар жайлы айтты, сондай-ақ Бразилиядағы Қазақстан спортшыларының негізгі бәсекелестерін атады.

Казинформ 

Тимур Бекмамбетовтің фильмі пираттық ресурстар арқылы Қытай көрермендерін жаулап алды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай ресурстарында Тимур Бекмамбетовтің BAZELEVS студиясының «Ол - айдаһар» романтикалық фэнтези фильмі жасырын жолмен пайда болды. Бес тәуліктің ішінде оны порталдардың бірінен 3,7 миллион адам қарап үлгірген, ал қытай интернеттеріндегі пираттық көшірмелер жүзден асады.  

Казинформ 

РФ Энергетика министрі: мұнай өндіруді ірку бағаны 50 долларға дейін көтеруі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ресей Федерациясының энергетика министрі Александр Новак мұнай өндіру деңгейін 2016 жылғы қаңтардағы деңгейде сақтау шешімін орындау  «қара алтынға» бағаны барреліне 50 доллар деңгейіне көтеруге мүмкіндік береді деп санайды.

Казинформ 

Астана жұртшылығы 22 ақпанда белгілі жазушы Нұрғожа Оразды ақтық сапарға шығарып салады

 АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 ақпанда Астана жұртшылығы белгілі жазушы марқұм Нұрғожа Оразды ақтық сапарға шығарып салады. Марқұммен қоштасу рәсімі сағат таңертеңгі 10.00-да Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрында өтеді.

Казинформ 

Оралдық үй-күйсіз жігіт рубльмен миллионер атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы бейімдеу орталығында тұрып жатқан белгілі тұрағы жоқ Владимир Радкевич кенеттен екі миллион рубльдің иесі болып шға келді, деп хабарлады Фейсбук әлеуметтік желісі «Информбюро» жергілікті басылымына сілтеме жасап.

Казинформ 

Астанада электронды денсаулық паспорттарын енгізу жоспарлануда

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Елорда әкімдігінің ғимаратында «Белсенді азамат» акциясы аясындағы соңғы брифинг өтті. Шара барысында денсаулық сақтау, білім және жұмысқа орналасу сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Қалалық басқармалардың өкілдері атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта орын алатын өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлады Астана әкімінің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Каспий флотилиясының жауынгерлік кемелері 2016 жылы Қазақстанда, Иранда және Әзербайжанда болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспий флотилиясының жауынгерлік кемелері 2016 жылы Иран, Қазақстан және Әзербайжан порттарында болады. Бұл туралы Каспий флотилиясының қолбасшысы, контр-адмирал Игорь Осипов мәлім етті, деп хабарлады RT.ru порталы.

Казинформ 

Сауалдама: 48% британдық ЕО-ға мүшелікті сақтауды жақтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы референдумда ЕО-дан шығуға дауыс беруді жоспарлағаннан гөрі Еуропалық одақ мүшесі мәртебесін сақтап қалуды қолдайтын Ұлыбритания азаматтарының саны 15 пайызға арта түсті, деп хабарлады Gazeta.ru Daily Mail агенттігіне сілтеме жасап.