World News in Kazakh
Апрель
2016

Новости за 27.04.2016

Казинформ 

СҚО әкімі: Жолдарды жөндеу ерекше бақылауда болуы тиіс

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО әкімі облыс орталығы бойынша жұмыс сапарын қазірде қызу жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жол учаскелерін аралап көруден бастады. Бұл туралы өңір  басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Казинформ 

ОҚО-да фармацевтика саласында 6 жоба іске асуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО-да фармацевтика саласында 6 жоба іске асуда. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлт жоспарының орындалу барысын баяндаған өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

Казинформ 

Коллекционерлер 20 мың теңгелік купюраны әлемдегі үздіктердің бірі деп таныды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қағаз ақша белгілері коллекционерлерінің халықаралық қауымдастығы (International Bank Note Society, IBNS) бес жаңазеландиялық доллардың жаңа купюрасын 2015 жылғы үздік банкнот деп таныды. Осы атаққа үміткерлердің арасында 20 мың теңгелік купюра да болды.

Казинформ 

Қазақстанда жаңбыр жауып, елдің батысында шаңды дауыл көтеріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен жауын-шашынды (көбіне жаңбыр) ауа райы сақталады. Елдің оңтүстігінде жаңбыр жауып найзағай ойнайды, жел күшейеді, батысында - шаңды дауыл көтеріліп, тұман түседі, орталық бөлігінде ғана күн ашық болады.

Казинформ 

БҚО-да жол апатынан жыл сайын жүзге жуық адам қаза табады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жыл сайын орта есеппен 100-ге жуық адам жол апаттары салдарынан қаза табады. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұловтың қатысуымен өткізілген БҚО прокуратурасының алқа мәжілісінде айтылды.

Казинформ 

Жалған хаттамалар жасаған полиция қызметкеріне 1,5 млн теңге айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының № 2 соты дәлелдемелерді және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалап, лауазымды өкілеттіліктерін теріс пайдаланды деп айыпталған Т.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Казинформ 

Полиция қызметкерлері төрт адамды соққыға жыққан екі павлодарлықты іздестіріп жатыр

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда өткен жылдың 22 қазанында бір әйел мен үш ер адамды соққыға жыққандарға іздеу салған полиция қызметкерлері оқиға куәгерлерінен хабарласуды сұрайды.

Казинформ 

Қазақстан Кубогының 1/8 финалы: «Қайрат» ­- «Шахтер» 4:0

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Жаңа ғана Алматының Орталық стадионында Қазақстан Кубогының 1/8 финалдық кезеңі аясында «Қайрат» футбол командасы мен Қарағандының «Шахтер» футбол клубының кездесуі аяқталды. Аса тартысты өткен матчта алматылықтар қарсыластарын 4:0 есебімен тізе бүктірді.

Казинформ 

ЭКСПО-қалашығындағы Қазақстан павильонының қандай болатындығы белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ЭКСПО көрмесі мәселелеріне арналған кеңесте ЭКСПО-қалашығындағы Қазақстан павильонының қандай болатындығы белгілі болды.

Казинформ 

Елбасы «Травиата» операсына барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өткен «Травиата» операсына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Казинформ 

Павлодарлық қазақ ұлт аспаптар оркестрі халықаралық өнер додасында жеңіске жетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Халықаралық өнер додасына қатысып келген Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның қазақ ұлт аспаптар оркестірі алғашқы жеңісін тойлауда. 

Казинформ 

ОҚО-да өткен сазды кеш: Ілия Жақанов - 80 жаста (ФОТО)

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Биыл алашқа әйгілі сазгер, жазушы, өнер зерттеушісі Ілия Жақанов - 80 жаста. Мерейтой құрметіне орай Оңтүстік Қазақстан облысында «Әнімен елін тербеткен...» атты сазды кеш ұйымдастырылып, композитордың тың туындылары насихатталды.

Казинформ 

Ә.Жақсыбеков жеке және мемлекеттік балабақша төлемдерін теңестіруді ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылдан бастап жаңа салынатын үйлерде шағын балабақшалар болуы тиіс. Бұл туралы бүгін  Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ЭКСПО көрмесі мәселелеріне арналған кеңесте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Казинформ 

Астанада қала сәулетіне сай келмейтін ескі және апатты жағдайдағы үйлер толықтай бұзылады - Ә.Жақсыбеков

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Астанада 2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен елорданың дамуына қатысты жиында хабарлады.

Казинформ 

Еуропалық қайта құру және даму банкі Көкшетаудағы су тазалау нысанына инвестиция құюға ниетті (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Көкшетау қаласындағы сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жобасын қаржыландыру бойынша Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің қазақстандағы директоры Джанет Хэкман алдын ала келісімге қол қойды.

Казинформ 

Құрылыс заңын бұзса прокуратура органдарына жүгіну керек - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 8 мыңға жуық үлескердің қатысуымен  45 проблемалы нысан пайда болды. Бұл туралы бүгін  Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ЭКСПО көрмесі мәселелеріне арналған кеңесте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Казинформ 

Мамырдан бастап елордалықтар ашық аспан аясында спортпен айналысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 мамырдан бастап әр жексенбі сайын Астаналық паркте қала тұрғындары мен қонақтары спортпен тегін айналысатын болады. Тәжірибелі фитнес-нұсқаушылар таза ауада кроссфит пен йогадан жаттығулар жасап, зумба мен т.б. бағыттар бойынша сабақтар өткізеді. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.

Казинформ 

Астанада тұрғын үйдің бірінде терезедегі жарықтардан «7 мамыр» жазуы құралды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қарулы Күштерінде маңызды мейрам - ҚР Отан қорғаушылар күніне дайындық қызу жүріп жатыр. Бұл мереке соғыс кезінде елімізді қорғаған және бүгінде Отанға адал қызмет етіп жүрген азаматтар үшін қастерлі күн, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.