World News in Kazakh
Май
2016

Новости за 28.05.2016

Казинформ 

Қытайлықтар Обаманың қарапайым вьетнамдық мейрамханада арзан кеспе жегендігіне сенбеді (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал американдық аспазшы, жазушы және тележүргізуші Энтони Бурден таяуда президент Барак Обамамен  вьетнамдық мейрамханада бірге отырып кешкі ас ішкендігі, оған кеспе, қуырылған шошқа етін және сыра бергендігін Твиттерге орналастырды, деп жазады epochtimes.ru.

Казинформ 

Латвия тұрғындары 17 мың адамға кеміді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Латвия халқы өткен жылы  17,1 мың адамға азайып, 1 млн 969 мың адамды құрады. Елдің Орталық статистика бюросы  (ОСБ) осындай дерек келтіріп отыр, деп хабарлайды ТАСС.

Казинформ 

Манчестер әуежайында жолаушылар ұшағы автомобильді басып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Келеңсіз жағдай британдық Манчестер әуежайында орын алды. Барселонаға бағыт алған жолаушылар ұшағы тұмсығымен сүйреуші автомобильді  басып қалды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Казинформ 

Ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, күн күркірейді, батыста - аптап ыстық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын, найзағай, желдің күшеюі күтіледі.

Казинформ 

Алматыда Абай мемлекеттік музейінің негізін қалаушы Қ. Мұхаметхановтың жүз жылдығына арналған форум өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Мұхтар Әуезовтың музей-үйінде «Қайым Мұхаметханов және абайтанудың өзекті мәселелері» атты ғалымның 100 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Казинформ 

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ауыл шаруашылықтарына 10 млрд. теңгеден астам қаржы бөлді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ 2016 жылғы 26 мамырдағы жағдай бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардан (ӘКК) келіп түскен кепілдіктер бойынша ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерден (АШТӨ) астықты форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша аграршыларды 10,2 млрд. теңге сомаға қаржыландырды. 

Казинформ 

Майқайың кентінің жөндеу жұмыстарына 25 млн теңге қаржы керек - Павлодар облысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Баянауыл ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Майқайың кентіндегі орталық қазандықтың жағдайын көріп қайтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Казинформ 

Е.Ашықбаев Түркияда өткен БҰҰ конференциясына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27-28 мамырда Анталия қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының бастамасымен аз дамыған елдердің мәселелеріне арналған БҰҰ конференциясы өтті. Оны БҰҰ тұрғын халықтар саласы жөніндегі қоры (ЮНФПА) және БҰҰ аз дамыған елдердің жоғарғы өкілдігі ұйымдастырды, деп хабарлайды Түркиядағы Қазақстан елшілігінен.

Казинформ 

Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Түлектер күні тойланып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Түлектер күні тойланып жатыр. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматының 1 000 жылдығына арналған бұл салтанатты шараға университетті әр жылдары тәмамдаған жүздеген түлектер қатысты.