World News in Kazakh
Июль
2016

Новости за 10.07.2016

Казинформ 

Португалия-Франция: 1-таймда есеп 0:0

ПАРИЖ. ҚазАқпарат- Футболдан Еуропа чемпионатының ақтық матчы - Португалия мен Франция құрамалары арасындағы ойынның бірінші таймынан кейін есеп таблосы 0:0 болып қала берді.

Казинформ 

Еуро-2016-ның финалдық матчы басталды


ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Астана уақытымен сағат 01:00-де Париж маңындағы Сен-Денидегі «Стед де Франс» стадионында Еуропа чемпионатының финалдық матчы Португалия - Франция құрамаларының арасындағы ойын басталды.

Казинформ 

Тәуелсіздіктен бері қанша қазақ баласы Олимпиаданы бағындырды?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік алғаннан бері отандастарымыз қатысқан 5 Жазғы олимпиаданың тарихына үңілсеңіз, жерлестеріміз Қазақстан қоржынына жалпы 52 медаль салған екен. Оның 16-сы алтын, 17-сі күміс, 19-ы қола медаль.

Казинформ 

Еуро-2016 финалындағы командалардың бастапқы құрамы белгілі болды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа чемпионатының финалдық матчында кездесетін Португалия мен Франция құрамаларының бастапқы құрамы жария етілді. Кездесу Париж маңындағы «Стад де Франс» стадионында, Астана уақытымен сағат 01:00-де басталады.

Казинформ 

11 шілдеде еліміздің солтүстігі, шығысы, солтүстік-батысында жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 шілдеде Қазақстанның аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында және шығысында кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзағай болады және екпінді жел күтіледі, шығысында жекелеген аудандарында бұршақ болуы ықтимал. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Казинформ 

Минск әуежайында жосықсыз қалжыңдаған ресейлік әйел қамауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Минск ұлттық әуежайында орынсыз қалжыңдаған ресейлік әйел қамауға алынды. Бұл туралы Беларусь тергеу комитетінің ресми өкілі Юлия Гончарова Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды БЕЛТА.

Казинформ 

UFC турнирінде Леснар Хантпен айқасы үшін рекордты 2,5 миллион доллар алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр салмақ дәрежесіндегі американдық балуан Брок Леснар абсолютті жекпе-жек чемпионатында (UFC) жаңазеландиялық Марк Хантпен айқасының гонорары ретінде рекордты 2,5 миллион доллар алады. 

Казинформ 

Чехияда пойыздар соқтығысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні таңертең Чехияда жолаушылар пойыздары соқтығысып, жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости.

Казинформ 

«Жасыл Ел» жасақтарының сарбаздары Успен ауданының Жастар үйінде жөндеу жүргізбек

 АСТАНА. ҚазАқпарат -  Павлодар облысы Успен ауданындағы Жастар үйінде биыл қайта жөндеу жұмысы өткізіледі. Ғимараттың жөндеуіне «Жасыл Ел»-дің «Жәрдем Тайм» жасағының сарбаздары кіріспекелі отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Казинформ 

«Экспедиция-25» жобасына қатысушылар Алматыға келді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Шымбұлақ»  шипажайында «Экспедиция-25» жобасына арналған баспасөз брифингі өткізілді. Экспедицияға қатысушылар енді Алматыдан Талдықорған қаласына аттанатын болады. 

Казинформ 

Мәскеуде зағиптарға арналған тактильді бақ ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жазғы көк майсаның иісін сезіну және гүлдерді ұстап көру - мәскеулік зағип жандар үшін мүмкін емес еді. Енді Мәскеуде зағип және құлағы естімейтін жандар үшін ерекше бақ ашылды,  деп хабарлады mir24.tv.

Казинформ 

Благовещенск әуежайындағы өрт (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Благовещенск әуежайы ғимаратындағы өрт видеосы ғаламторға жүктелді. Видеода ғимараттың ішкі бөлігінің өрт шалғанын көруге болады, деп хабарлады РИА Новости.

Казинформ 

IAAF Клишинадан өзге ресейлік жеңіл атлеттердің Олимпиадаға қатысу туралы өтінімдерін қабылдамады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл атлетика федерациясының халықаралық қауымдастығы (IAAF) ұзындыққа секіруші Дарья Клишинадан өзге ресейлік спортшыларға халықаралық старттарға, соның ішінде Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат бермеді, деп хабарлайды ТАСС.

Казинформ 

Рио Олимпиадасының үміті: Иван Дычко

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио Олимпиадасының басталуына 26 күн қалды. Олимпиада ойындарында бірінші кезекте боксшыларымыздан жүлде күтіп отырғанымыз анық. 

Казинформ 

Биыл Павлодар облысында 50 жас дәрігерді жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Павлодар облысында 50 жас дәрігерді жұмысқа орналастыру жоспарланған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.