World News in Kazakh
Ноябрь
2024

Новости за 27.11.2024

Azattyq.org 

Ресейде президент сайлауы кезінде 22 млн дауыс ұрланды деген сарапшыға іздеу жарияланды

Ресей ішкі істер министрлігі сайлау сарапшысы Иван Шукшинге іздеу жариялады. Іздеу базасынан мәліметті "Медиазона" жариялады. Іздеу картасында оған тағылған айып жөнінде айтылмайды, сарапшының өзі істен хабарсыз болып шықты.  2024 жылы наурызда Шукшин президент сайлауынан кейінгі Ресей орталық сайлау комиссиясының деректерін жариялаған. Оларды математикалық тәсілдермен сараптаған ол жеңген кандидат - президент Владимир Путинге дауыс берілген шамамен 22 млн бюллетень жәшікке топтап салынған болуы мүмкін деген қорытындыға келген. Читать дальше...

Zhambylnews.kz 

Жамбыл облысында 1 400-ге жуық мүгедектігі бар адам тұрақты жұмыспен қамтылды

​Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды. ​Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтің баяндамасы тыңдалды. ​Жамбыл облысында 45 571 адамның мүгедектігі бар. ​Биыл осы санаттағы азаматтарды әлеуметтік-психологиялық, медициналық оңалтуға 4,3 млрд. теңге бөлініп, жоспар 93,9 пайызға орындалды. Сонымен бірге […]

Читать дальше...

Azattyq.org 

Путин: Ресей Қазақстанда жаңа орыс мектептерін салуды қолдайды

Ресей Қазақстанда жаңа орыс мектептерін салуды қолдайды. "Казахстанская правда" газетінде жарияланған мақаласында Ресей президенті Владимир Путин осылай деген. Ол қазақтар көп шоғырланған Қазақстанның оңтүстігіндегі үш қалада "орыс мектептері ашылады деп сенеміз" деп жазған. "Ресей сонымен бірге Қазақстанда жаңа орыс мектептерін салуды және орыс тіліндегі білім сапасын арттыруды қолдайды. Жуырда Қызылорда, Тараз және Түркістанда тағы осындай үш мектеп салынады деп сенеміз" деп жазған Путин мақалада. Читать дальше...

Azattyq.org 

Қытай банкінің бұрынғы басшысы өлім жазасына кесілді

Қытай соты мемлекеттік ірі банктің бұрынғы басшысы Лю Ляньгэні өлім жазасына кесті. Ол жемқорлық және несиені заңсыз беру баптары бойынша кінәлі танылған.  Лю Ляньгэ актив көлемі жағынан әлемдегі ең ірі бес банктің қатарына кірген Қытай банкіне жетекшілік еткен. Ол 2023 жылы компартиядан шығарылып, биыл ақпанда қамалды. Қызметінен алынып, оған 121 млн юаннан (шамамен 16,8 млн доллар) астам пара алды деген айып тағылды. South China Morning Post басылымының жазуынша, ол жемқорлықпен күрес кампаниясына... Читать дальше...