World News in Kazakh
Декабрь
2024

Новости за 20.12.2024

Azattyq.org 

Ресей Киевке соққы жасады, зардап шеккендер бар

20 желтоқсанда таңертең Ресей әскері Киевке ракетамен соққы жасады, зардап шеккендер бар деп хабарлады қала мэрі Виталий Кличко.  Ракета бөлшектері Голосеев, Соломенск, Шевченков аудандарына құлаған. Үйлердің шатыры, көліктер өртенген. Екі адам ауруханаға түскен. Кемінде бір адам қаза болған. Кеңсе ғимараттары, жолдар бұзылғаны хабарланды. Monitor арнасының хабарлауынша, ресейліктер Киев қаласы мен облысына кемінде бес баллистикалық ракета және екі аэробаллистикалық “Кинжал” ракеталарымен соққы жасаған. Читать дальше...

Azattyq.org 

Өкілдер палатасы үкіметті уақытша қаржыландыру туралы заң жобасын кері қайтарды

АҚШ-та өкілдер палатасы үкіметті уақытша қаржыландыру туралы заң жобасын кері қайтарды. Құжатты Трамп қолдаса да мемлекет шығынына қатысты қатаң көзқарас ұстанатын ондаған республикашыл оған қарсы болды деп жазды "Америка дауысы" сайты.  Федералдық агенттіктерді қаржыландыру 20 желтоқсанда аяқталады, демалыс күндері түрлі қызметтің жұмысы тоқтауы мүмкін. Бұл 2018 жылдың желтоқсанынан бергі алғашқы шатдаун болуы ықтимал. Ол кезде шатдаун 34 күнге созылған еді.  Аталған заң жобасы бейсенбі күндіз таныстырылған. Читать дальше...