World News in Kazakh
Декабрь
2024

Новости за 22.12.2024

Azattyq.org 

Қадыров Шешенстанда ажырасқан тағы 57 жұпты "татуластырғанын" айтты

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров аймақта ажырасқан 2716 жұпты қайта қосқанын мәлімдеді. Ол бұл жөнінде Ресей президенті Владимир Путин алдында отбасыны қолдау мәселелері жөніндегі мемлекеттік кеңес отырысында мәлімдеді.  Бұған дейін кейбір азаматтар отбасыны қалпына келтіру жөніндегі республикалық комиссия тарапынан қысымға ұшырағанын айтқан еді.  Қазан айында Шешенстан билігі 2017 жылдың жазынан бері 2 659 жұпты қайта қосқанын мәлімдеген еді. Аймақта Қадыров бекіткен арнайы комиссия жұмыс істейді. Читать дальше...

Azattyq.org 

Ресейдің бірнеше қаласында қоғамдық орындарда пиротехника жарылды

Ресейдің бірнеше қаласында адам көп жиналған орындарда пиротехника жарылды. Екі адам ұсталған. Полицияның айтуынша, күдіктілер телефон алаяқтардың нұсқауымен әрекет еткен.  Жарылысқа байланысты Мәскеудің шығысындағы "Форт" сауда орталығынан адамдар эвакуацияланған. Жарылыс сондағы мемлекеттік қызмет ұсынатын орталықта болған. Одан бөлек, Королевтегі сауда орталығы мен Мәскеу облысындағы Химки қаласындағы пошта бөлімшелерінен жұрт қауіпсіз жерге көшірілген.  Мәскеу мен Королевте екі күдікті ұсталған. Читать дальше...

Azattyq.org 

Магдебургтегі оқиғадан қаза болғандар бес адамға жетті

Германияның Магдебург қаласында базардағы жұртты көлік қағып өткеннен кейін қаза болғандар бес адамға жетті, арасында бір бала бар деп жазды құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сүйенген Der Spiegel басылымы. Бұған дейін полицияға сүйенген Bild сайты 205 адамның зардап шеккенін, 86-сының ауыр жарақат алғанын жазған. Басылымның мәліметінше, төрт адам қаза болған. 21 желтоқсанда кешке Магдебургтегі жәрмеңкеде ер адам көлікпен жұртты қағып өткен. Жүргізуші бірден ұсталған. Неміс баспасөзінің жазуынша... Читать дальше...

Azattyq.org 

Көріпкелдер мен емшілерге қарсы майдан. Тәжікстанда бал ашқаны үшін түрмеге жабуы мүмкін

Тәжікстанда мыңдаған көріпкел мен емші ұсталды. Үкімет бақсы-балгерге қарсы науқан бастап, президент милицияның рейдтерін құптап отыр. Ал ел арасында билік жұмыссыздық, электр энергиясының тапшылығы сияқты әлдеқайда маңызды мәселелермен айналысса болар еді деушілер көп.