World News in Kazakh
Ноябрь
2025

Новости за 13.11.2025

Azattyq.org 

"Мал өсіру тиімсіз болып қалды". Ет бағасы ырыққа көнбей тұр. Тығырықтан шығудың жолы қайсы?

Орталық Азия елдерінде ет және ет өнімдері қымбаттап жатыр. Сарапшылар бағаның өсуіне мал шаруашылығындағы жүйелі мәселелер мен мемлекеттік басқарудың олақтығы әсер етіп отыр дейді. "Азаттық Азия" аймақтағы ет бағасындағы өзгерісті зерттеп, билік реакциясын және сарапшылар пікірін талдады. Мамандар еттің құнын жасанды жолмен ұстап тұру нәтиже бермейді деп есептейді.

Zhambylnews.kz 

Баспана алуды армандағандарға тамаша мүмкіндік: «Наурыз Әскери» бағдарламасы басталды

Отбасы банк 2025 жылдың 17 қарашасынан бастап тұрғын үй төлемін алатын азаматтардан несие өтінімдерін қабылдауды бастайды. Бағдарламаға Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ІІМ, ТЖМ, Мемлекеттік күзет қызметі, әскери прокуратура және өзге де мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер қатыса алады. Банкке өз бетімен барудың қажеті жоқ — өтінімдер ведомстволар ұсынған тізім бойынша қабылданады. Қазіргі таңда Отбасы банк […]

Читать дальше...

Azattyq.org 

Тоқаев бірқатар судьяны ауыстырды

Қазақстан президенті бірқатар судьяны қызметтен босатып, жаңаларын тағайындады. Қызметтен босатылғандар арасында жемқорлық үшін сотталғандар да бар. Тоқаевтың 10 қараша күнгі №1085 жарлығына сәйкес, облыстық, қалалық және мамандандырылған соттардың бірнеше төрағасы қызметтен кетті. Тоқаев сот үкімі бойынша кінәлі танылған судьяларды да қызметтен алған. "Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин және Ақсу аудандық сотының төрағасы Нұрлан Шәймерденов соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне... Читать дальше...

Azattyq.org 

Астанада “ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы” түзетулер талқылануы тиіс болған жиын офлайн өтпейтін болды

Астанада “ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы” түзетулер талқылануы тиіс болған жиын офлайн өтпейтін болды. Бұл жөнінде REQUEST бастамасының өкілдері Instagram парақшасында хабарлады. Айтуларынша, жиынға бір күн қалғанда яғни, 12 қарашада кешке шараны өткізуі тиіс болған қонақүй өкілдері “құбыр жарылып, залды су басып қалғанын” айтқан. Ал ұйымдастырушылар қонақүйге барған кезде залды су баспағанын көрген. “Еден құрғақ, жабдықтар тұр, жарық бар.... Тыңдауға қажет барлық жабдық өз орнында, бұл құбыр жарылған күннің өзінде де оның жедел жөнделіп... Читать дальше...