Асқар Мамин Шымкенттегі автобустарға мініп көрді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бүгін Шымкенттегі жұмыс сапары барысында жаңадан ашылған «Shymkent bus» автопаркіне барып, ондағы автобустарға мініп көрді. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Үкімет басшысына жолаушыларды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету барысын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.