"Елбасы - елімнің тірегі"
«Елбасы - елімнің тірегі»
Елбасыммен мен бүгін мақтанамын,
Өзіңізді әлемге айтып шаттанамын.
Қазағым жетті бүгін арманына,
Елбасым, айналайын, атқан таңым.
Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл — бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Көңіл - күй серпілісімен сырымды ақтарсам, оның еш айыбы жоқ деп ойлаймын. Менің көңілімді серпіп, жүрегімді тербеп отырған бүгінгі күннің жеңістеріне жеткізуші, елін Абылай бабамның ақ жолымен, Махамбет...