Жексенбіде еліміздің көп бөлігінде ауа райы қолайсыз болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктердің болжауынша, 22 желтоқсанда еліміздің барлық өңірінде ауа райы қолайсыз болады, жел күшейіп, қалың қар түседі, солтүстікте боран соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.