Баянауылдық ардагер ұстаз ерлігі
Ардагер ұстаз ерлігі Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 75 жыл мерекесі қарсаңында туған елі үшін сұрапыл соғыста от кешкен қарапайым ауыл мұғалімінің ерлігі жайында айтып өткенді жөн көрдік. Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз-Ералин Нұрғали Ералыұлы 1922 жылдың 14-ші наурызында Баянаул ауданына қарасты Шонай елді мекенінде ұзақ жылдар бойы орманшы болып еңбек еткен Ералы ақсақалдың отбасында дүниеге келген. Еліміз бен жерімізге қайғы мен қасірет әкеліп, талай шаңырақты шайқалтқан сұм соғыс жап-жас балаларға да қару ұстатты. Бүгінде Баянауыл аудан орталығында білімнің қара шаңырағы болып есептелетін қазақ мектебінің 10-сыныбында оқып жүрген Ералин Нұрғали өзі сынды жастар сияқты елін жаудан азат ету үшін Отан...