Әзербайжандағы тәттілер фестивалінде Қазақстан өнімі таныстырылды
АСТАНА.ҚазАқпарат - Әзербайжанның ежелгі қалаларының бірі Шекиде 20 шілдеде ІІ дәстүрлі тәттілер фестивалі өтті. Оған әлемнің 12 елінен әкелінген кондитерлік өнімдер ұсынылды. Бұл туралы Әзербайжан Мәдениет және туризм министрлігі хабарламасында айтылды.