Қоғамдық бақылау: Өңірлердегі үйлестірушілердің телефон нөмірлері жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус пандемиясы кезінде медициналық ұйымдардың жұмысын қадағалау үшін құрылған Қоғамдық бақылау тобының ел өңірлеріндегі үйлестірушілері анықталды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диас мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.