Қазіргі жастарға ғашық болу өте зиян - ғылыми зерттеу
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Денвер университеті ғалымдары 16 жасқа толған 200 бозбала мен бойжеткенді арнайы ғылыми зерттеу жұмысына тартып, оларды 9 жыл бақылайды. Ғалымдар олардың бір-біріне ғашық болып, достықтан жақын қарым-қатынаста болуы қалай әсер ететінін зерттеген. Ғылыми жұмыста жасөспірімдер ғашықтық хикаяларына қатысты сұрақтарға бұлтармай жауап берді, деп жазады The Daily Mail.