Мысырлық теологтар Сыр өңіріне келді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінде тәлім беруші мысырлық теологтар, PhD докторлары Ахмад әл-Әмір Мұхамед Жәхин Исмаил мен Имад Мұхамед әл-Бәрғи Мұхамед Зағлул, және аталмыш оқу орнының аппарат жетекшісі Болатбек Әбуов бүгін облыстық коммуникация орталығында жергілікті БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.