БАӘ Қазақстанда төмен байытылған уранның халықаралық банкін құру шараларын қолдайды - ҚР СІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әбу-Дабиде кеше, 20 тамызда Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Қайрат Лама Шариф Әмірліктердің Атом энергиясы Корпорациясының (Emirates Nuclear Energy Corporation - ENEC) отынды бақылау және есепке алу басқармасының бас директоры Хусейн Аусаф пен экологиялық және өндірістік қауіпсіздік пен құқықтық реттеу басқармасының бас директоры Мұхаммед Жуках әл-Месайбемен кездесті.