Бұл отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін өте қажетті шара болып отыр - К.Әбсатыров, БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Инфляциялық өзгерістердің болатынын кәсіпкерлер білмей қалған жоқ, сондықтан олардың көпшілігі үшін бұл тосын жағдай емес. Мемлекет басшысының атап өткеніндей, Үкімет пен Ұлттық банктің бұл шешімі сарапшылардың, «Атамекен» ұлттық палатасының, еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдерінің ұсынысымен қабылданды. Шынында да Елбасымыз дәл айқындағанындай, бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы шамамен 1 миллионға дейін адам еңбек ететін кәсіпорындардағы жұмыс орындарын сақтай аламыз.