«Ұйқылы» Калачи ауылынан 69 отбасы көшірілді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Ұйқылы» Калачи ауылынан 69 отбасы көшірілді. Бұл туралы бүгін Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінің Көкшетауда өтіп жатқан көшпелі баспасөз мәслихаты барысында облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов мәлім етті.
Оның айтуынша, Калачи тұрғындарын өзге жерлерге көшіру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілуде.