Мунгия Головкин мен Әлімханұлы арасында таңдау жасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бірінші орта санаттағы әлемнің экс-чемпионы Хайме Мунгияның қарсыласы атануға орта салмақтағы чемпион, қазақстандық Геннадий Головкиннің мүмкіндігі екінші отандасымыз Жәнібек Әлімханұлына қарағанда анағұрлым жоғары. Мұндай болжамды Ringnews24.com шолушысы Джеремайя Прейссер жасады. ҚазАқпарат бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.